Ертең Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Өскеменде кездеседі

Ертең Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Өскеменде кездеседі
Фото: baq.kz

Ертең Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында қазақстандық «Astana arlans» пен өзбекстандық «Uzbek tigers» командасы кездеседі. Бұл бокс кеші Өскемен қаласында өтеді.  

Бұл жоба аясындағы бокс кеші Шығыс Қазақстанда бірінші рет өткелі отыр. Өткен маусымда отандық кәсіпқой бокс клубы қарсыластарын Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында қарсы алған еді. Ал биылғы жылы сайыстың өту географиясы кеңейіп, Петропавл қаласында ұйымдастырылды. Енді кезек Өскеменге келді.

Өскеменде өтетін матч топтық кезеңдегі соңғы ойын болып саналады. Дәл осы кездесуден кейін «Астана Арландары» өз тобында нешінші орынға табан тірейтіні белгілі болады. Әзірге тізімді 13 ұпаймен Өзбекстанның «Uzbek Tigers» командасы бастап тұр. Ал «Астана Арландары» 12 ұпаймен екінші орында. Сайыстан кейін ең жоғары ұпай жинаған 2 команда плей-оффқа шығады.

Қазіргі таңда белгілі болғандай, «Астана арландары» командасы атынан ел намысын 5 боксшы қорғамақ. Олар: Азат Махметов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Арман Рысбек (81келі), Камшыбек Конкабаев (91 келіден жоғары). Аталған боксшылар арасында Азат Махметов, Арман Рысбек және Қамшыбек Конкабаев шаршы алаңға алғаш рет шығып, команда атынан бірінші кездесуін өткізбек.

52 келі: Азат Махметов – Аброрджон Кадыров
60 келі: Зәкір Сафиуллин – Эльнур Абдураимов
69 келі: Асланбек Шымбергенов – Махмуд Гаипов
81 келі: Арман Рысбек – Шухрат Абдуллаев
91+ келі: Камшыбек Күнқабаев – Мирзохиджон Абдуллаев.

Дереккөз: baq.kz

Е. Жұмабайұлы