Қазақ боксшылары алғаш рет Олимпиадаға толық құрамда қатысады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құрамда қатысады. Қытайда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Олжас Сәттібаев соңғы болып қосымша жекпе-жектегі мүмкіндігін сәтті пайдаланып, Рио жолдамасын жеңіп алды. 

52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қосымша жолдамаға таласта қырғыз боксшысы Азат Үсеналиевті 3:0 (29:28, 30:27, 30:27) есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Қытайға аттанған тоғыз боксшының жетеуі Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек Назым Қызайбай мен Назым Ишанова ғана жолдамаға ие бола алмады.