Головкин мен Уэйд жекпе-жегінің проморолигі шықты

Головкин мен Уэйд жекпе-жегінің проморолигі шықты
Фото: www.youtube.com

НВО телеарнасы 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтетін бокс кешіне арналған проморолик жасады. Кеште WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий GGG Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің кездесуі басты жекпе-жек болады.

Сонымен қатар "Форум" аренасында WBC тұжырымы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалестің жұдырықтасатыны айтылады. Оның қарсыласы пуэрторикалық Маквильямс Арройо.

Промороликте Головкин мен Гонсалестің жекпе-жектерінен үздік сәттер көрсетіледі. Айта кетейік, бұл − Головкиннің WBA титулын 16-шы рет, IBO тұжырымын 13-ші рет, WBC (Interim) тұжырымын төртінші рет және IBF тұжырымын бірінші рет қорғауы. 

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін