Қазақстан жастары Босния және Герцеговина құрамасымен тең ойнады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастары Босния және Герцеговина құрамасымен тең ойнады
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Астанада Босния және Герцеговина жастар құрамасымен тең ойнады. Тартысқа толық өткен ойында есеп ашылған жоқ.

БӨЛІСУ

Қос ұжым арасындағы бірінші ойында Қазақстан жастары жеңіске жеткен болатын. Алайда отандастарымыз Сараеводағы ерліктерін қайталай алмады. Доп ұстауда басымдық танытқанмен, шабуылда жиі көзге түсе алмады. Сондай-ақ ойында футболшылар арасында қақтығыстар жиі орын алды. 81 минутта Георгий Макаев алаңнан қуылып, Вахид Масудов шәкірттері 10 ойыншымен қалды. Нәтижесінде төреші ысқырығы шалынғанша тең есепті сақтай білді.

Бес ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен төртінші орында келеді. Келесі кездесуін түзде 2 қыркүйек күні Швейцарияға қарсы өткізеді.