Әйгілі боксшы Головкинді Майк Тайсонға теңеді

Әйгілі боксшы Головкинді Майк Тайсонға теңеді
Фото: www.gggboxing.com

Бірінші орта салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Фернандо Варгас қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңе алатын жалғыз адам Флойд Мейвезер екенін айтты, − деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин шынымен де өте мықты. Ол Майк Тайсон сияқты, оның алдына шығу қиын. Флойд Мейвезер − шебер боксшы. Оны ешкімнің жеңе алмайтынына сенімдімін. Головкинді соққыға жыға алатын адам сол болуы мүмкін", − деді ол.

Еске салайық, Головкиннің келесі жекпе-жегі 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы өтеді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін