Алексей Луценко «Париж-Ницца» көпкүндігінің 5-кезеңін ұтты

Алексей Луценко «Париж-Ницца» көпкүндігінің 5-кезеңін ұтты
Фото: gazeta.caravan.kz

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Париж — Ницца» көпкүндігінің бесінші кезеңінде бірінші келді. Ал жалпы жарыс қорытындысында екінші орында келеді.

Бесінші кезеңде велошабандоздар 198 шақырымды басып өтті. Жарыстың 28-шақырымында Алексей Луценко қарсыластарынан оқ бойы озып, мәре сызығын жеке-дара кесті. Отандасымыз бұл қашықтықты 5 сағат 26 минутта бағындырды.

Алексей Луценко жалпы есепте австралиялық Майкл Мэттьюстан 6 секундқа қалып келеді. 

Ө. Сансызбай