УЕФА төрешінің қателігін түземеді (видео)

УЕФА төрешінің қателігін түземеді (видео)
Фото: eurocups-uefa.ru

Футболда төрешілер жиі қателік жіберіп жатады. Тіпті кейбір қателіктер ойын нәтижесіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондай өрескел қателіктердің бірі -  Англияның «Челси» және Испанияның «Валенсия» жастар клубтары арасындағы ойында орын алған болатын.

Жастар арасындағы Чемпиондар лигасы ойынында бас төреші Адриен Жакотте кездесу соңындағы пенальти сериясында қателескен. «Валенсия» ойыншысы Альберто Хиляның тепкен добын қақпа бағанынан қайтты деп есепке алмаған. Ал шын мәнінде доп қақпаның ішкі қапталына орналасқан бағаннан кері қайтқан. Мұны ойынның бейнеқайталауынан анық байқауға болады. Ойын соңынан испандық клуб УЕФА-ға шағым түсірген болатын. Алайда УЕФА төреші қателігін түзеп, ойынды қайта өткізуге құлық танытпады. 

Ө. Сансызбай