Еуропа лигасында «МЮ» мен «Ливерпуль» қарсылас атанды

Еуропа лигасында «МЮ» мен «Ливерпуль» қарсылас атанды
Фото: vk.com

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша ағылшындық «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» қарсылас атанды.

Жеребе қорытындысы:

«Шахтер» (Украина) – «Андерлехт» (Бельгия)
«Базель» (Швейцария) – «Севилья» (Испания) 
«Вильярреал» (Испания) – «Байер» (Германия) 
«Атлетик» (Испания) – «Валенсия» (Испания) 
«Ливерпуль» (Англия) – «Манчестер Юнайтед» (Англия)
«Спарта» (Чехия) – «Лацио» (Италия) 
«Боруссия Дортмунд» (Германия) – «Тоттенхэм» (Англия) 
«Фенербахче» (Түркия) – «Брага» (Португалия).

1/8 финалдағы алғашқы ойындар 10 наурыз күні, қарымта ойындар 17 наурыз күні өтеді.

Ө. Сансызбай