Аршавин «Қайрат» сапындағы алғашқы жаттығуына қатысты

О Сансызбай Корреспондент
Аршавин «Қайрат» сапындағы алғашқы жаттығуына қатысты
Фото ©️ fckairat.kz

Ресейлік футболшы Андрей Аршавин Алматының «Қайрат» футбол клубы сапындағы алғашқы жаттығуларына қатысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Клуб пен футболшы әлі ресми түрде келісімшартқа қол қоймаған. Команданың инфраструктурасымен танысып, екі жаттығу жиынына қатысқан. Кей бейресми ақпараттарға сүйенсек, клуб пен футболшы біржылдық келісімшартқа қол қоюы мүмкін екен.

Айта кетейік, Андрей Аршавин бүгін Алматыға ат басын бұрған болатын.