Алматыда допингке қарсы ақпараттық-білім беру семинары өтті

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда допингке қарсы ақпараттық-білім беру семинары өтті
Фото ©️ wfrk

22 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы ауыр атлетика Федерациясының бастамасымен және қазақстандық допингке қарсы орталығымен бірлесе «Біз салауатты өмір салты үшін!» атты допингке қарсы ақпараттық-білім беру семинары өткізілді. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Бүгінгі таңда Қазақстанның ауыр атлетика Федерациясы допингтен еркін спортшылардың жаңа ұрпағын өсіру бағытында бар күшін салуда.

Семинар бағдарламасы төмендегі сұрақтарды қамтыды:

- Адал күрес – спортшының негізгі қағидасы;

- Допинг – денсаулық үшін қауіпті;

- Спортшыларды фармакологиялық қамтамасыз ету мен оның мақсаттылығы;

- Допинге қарсы ережелерді қадағалауда жаттықтырушының рөлі және т.б.

Семинар жұмысына өз мансаптарын жаңа ғана бастайтын, бәлкім, төрт жылдан кейін, яғни 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарында Республикамыздың намысын қорғай алатын - Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарынан келген 200-ден астам жас ауыр атлетшілеріміз қатысты.

ҚР Ауыр атлетика Федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин балаларға арналған сөзінде:

- Спортта допинг түңілуден басқа ештеңе әкелмейді. Тек қана адал және ашық күрес жеңіспен, жарысқа қатысу сәттерімен толықтай кенелуге мүмкіндік береді, - деді.

Мамандардың сөз сөйлеулерінен басқа, жас спортшылармен интерактивті әңгіме өткізілді, ең кішкентай зілтеміршілер ойындар мен сайыстарға қатысты.

Сондай семинарлар ай сайын өткізілмек. Келесі іс-шара ағымдағы жылдың наурыз айында жалғасын табады.