Жас хоккейші командаласын өлімнен аман алып қалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Жас хоккейші командаласын өлімнен аман алып қалды (видео)
Фото ©️ belarushockey.com

Хоккейден Беларусь жасөспірімдер чемпионаты аясындағы «Металлург-2000» мен «Беркут-2000» арасындағы кездесуде оқыс оқиға орын алды. Алаң жиегіндегі қақтығыста қатты соқтығысып қалған Богдан Грицюк есінен танып қалған.

БӨЛІСУ

Оқиға орын алған сәтте «Металлург-2000» жартылай қорғаушысы Александр Пересунько командаласына алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Тілін жұтып қоюға шамалы қалған футболшыны дәрігерлер келгенше әріптестері аман алып қалуға барын салған. Қазіргі таңда дәрігерлер жас хоккейшінің жағдайы жақсарғанын хабарлады.

Айта кетейік, хоккей – әлемдегі ең қауіпті 10 спорт түрінің қатарына кіреді.