Бекман Сойлыбаев алғашқы чемпиондық белбеуін жеңді

Бекман Сойлыбаев алғашқы чемпиондық белбеуін жеңді
Фото: diamondring.kz

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев спорттық мансабындағы сегізінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, екінші жартылай орта салмақта WBA-NABA USA тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге ие болды. Бұл - отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы чемпиондық белбеуі.

Бекман Сойлыбаев Калифорния штатының Коста Меса қаласында мексикалық Мойзес Дельгадилломен жұдырық түйістірді. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы шыдамдылық таныта білді. Десе де Бекманның жойқын соққылары мен жылдамдығы қарсыласынан әлдеқайда жоғары болды. Төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның үшеуін мезгілінен бұрын аяқтады.

Ө. Сансызбай