«Барыс» алғаш рет плей-офф кезеңіне өте алмады

«Барыс» алғаш рет плей-офф кезеңіне өте алмады
Фото: vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» алғаш рет плей-офф кезеңіне өте алмады. Андрей Назаров шәкірттері соңғы турға дейін өз мүмкіндіктерін сақтап келгенмен, маңызды ойында ұпайдан шашау шығарып алды.

Қазақстандық клуб соңғы турдағы ойынын Омбыда «Авангардқа» қарсы өткізді. Тартысқа толы өткен ойында «Барыс» қарсыластарын негізгі уақытта жеңе алмай, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Десе де негізгі уақытта 2:2 есебі тіркеліп, буллит сериясында «Барыс» басым түсті.

«Авангард» — «Барыс» 2:3 Б (2:1, 0:1, 0:0, 0:0, 1:1)

Шайбалар:
1:0 — 08:42 Глухов (Фищенко, Бурдасов). Тең құрамда
2:0 — 13:14 Лаута (Зубов, Первышин). Ойыншы басымдығында
2:1 — 16:54 Старченко (Краснослободцев). Тең құрамда
2:2 — 31:30 Боченски (Доус, Даллмэн). Ойыншы басымдығында
2:3 — 65:00 Старченко. Буллит 

«Авангард»: Костин — Лекомцев-Первышин, Пережогин-Зубов-Эрат; Александров-Кулик, Казаков-Хохряков-Паршин; Гусев-Дервук, Глухов А.-Бурдасов-Фищенко; Глухов Н., Петров-Черников-Лаута, Пьянов;

«Барыс»: Лацо — Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Литвиненко-Семёнов, Худяков-Старченко-Краснослободцев; Савченко-Трясунов, Воронцов-Романов-Сен-Пьер; Рыспаев-Лобанов Михайлис-Евдокимов-Солаврев;

Айып уақыты: 8:4 (4:2, 4:0, 0:2, 0:0)

18 ақпан. Омбы. «Арена Омск» 9820 жанкүйер.  

Ө. Сансызбай