Жанбота Алдабергенова Әлем кубогінде шаңғы акробатикасы бойынша күміс медаль иеленді

Гүлжанар Берік Корреспондент
Жанбота Алдабергенова Әлем кубогінде шаңғы акробатикасы бойынша күміс медаль иеленді
Фото ©️ kaztv.kaztrk.kz

Қазақстандық Жанбота Алдабергенова Мәскеуде өткен фристайл бойынша Әлем кубогінің кезеңінде шаңғы акробатикасы бойынша күміс медаль жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Финалдағы үздік нәтижені - 77,43 ұпай жинаған ресейлік Алина Гриднева көрсетті, Жанбота Алдабергенова - 75,91 ұпайға ие болса, 3-ші орын АҚШ спортшысы Мэдисон Олсенге (75,69) бұйырды. 

Дереккөз: kaztv.kaztrk.kz