«Астана» жолдастық кездесуде болгар клубын ірі есеппен ұтты

«Астана» жолдастық кездесуде болгар клубын ірі есеппен ұтты
Фото: vk.com

«Астана» футбол клубы Түркияның Белек қаласында Болгарияның «Славия» клубын 3:0 есебімен ұтты. Ойында команда қатарын жақында ғана толықтырған Джордже Деспотович есеп ашты. Ол Украинаның «Заря» клубына қарсы өткен ойында да гол соққан болатын. Екінші голды Патрик Твумаси өз еншісіне жазса, ойын соңына қарай Геворг Наджарян соңғы нәтижені тіркеді.

Айта кетейік, «Славия» клубы Болгария Жоғарғы лигасында бақ сынайды. Бірінші айналым қорытындысы бойынша 3-орында келеді.

Сондай-ақ қарағандылық «Шахтер» бүгін Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде Сербияның «Нови Пазар» клубын 3:1 есебімен жеңді. 

Ө. Сансызбай