Самат Смақов «Ақтөбе» намысын қорғайды

Самат Смақов «Ақтөбе» намысын қорғайды
Фото: vk.com

Қазақстандық танымал футболшы Самат Смақов жаңа маусымда «Ақтөбе» футбол клубының намысын қорғайтын болды. Футболшы осыған дейін клубтың оқу-жаттығу жиындарында жүрген болатын.

Самат Смақов ақтөбелік клуб сапына араға үш жыл салып оралып отыр. Өткен маусымда ұлттық құрама капитаны Павлодардың «Ертіс» клубы сапында ойнаған болатын.

Айта кетейік, 37 жастағы фтболшы 2007-2012 жылдар аралығында «Ақтөбе» сапында ойнаған болатын. Үш дүркін ел чемпионы, екі рет ел кубогын жеңіп алған.

Н. Үсенова