Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысады

Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысады
Фото: vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 12-21 ақпан аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтетін II қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады.

Ел намысын қорғайтын спортшы 14,16 және 20 ақпан күндері жарыс жолына шығады. Доданы елімізде «KazSport» арнасы көрсететін болады.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева халықаралық жарыстарда 2015 жылдан бері ересектер арасында өнер көрсетіп келеді.  

Ө. Сансызбай