Головкиннің келесі қарсыласының есімі белгілі болды

Головкиннің келесі қарсыласының есімі  белгілі болды
Фото: today.kz

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді, − деп хабарлайды Boxrec.com. Дегенмен кездесу ресми түрде расталған жоқ. Бұл туралы Vesti.kz басылымы жазды.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 23 сәуір күні Калифорниядағы "Форум" аренасында өтеді. Айта кетейік, Уэйдтің Головкинге қарсы жұдырықтасатыны Туреано Джонсонның жарақат алып, кездесуден бас тартуынан кейін белгілі болды.
С. Ерсін