Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Месси бес жасар ауған баламен кездесуге дайын

Месси бес жасар ауған баламен кездесуге дайын

Месси бес жасар ауған баламен кездесуге дайын

Интернетте целлофаннан Аргентина футбол құрамасының формасын киіп, жұлдызға айналған баланы тілшілер іздеп тапты. Ол бес жасар Мұртаза Ахмади болып шықты. Бүлдіршін Ауғанстанның оңтүстік-батысында Газни елді мекеніндегі ауылдардың бірінде тұрады, − деп хабарлайды Sputnik Әзірбайжан.

"Алтын доп" жүлдесін бес рет жеңіп алған Лионель Мессидің жанкүйері интернет-жұлдызға айналғанын білмеген екен. Оның суретін Facebook желісіне бірнеше апта бұрын ағасы салыпты. Осыдан кейін ондаған мың адам суреттегі баланы тауып, нағыз футболканы сыйлағысы келеді. 

Мұртазаның әкесі Мұхаммад Ариф баласына футболға арналған форма әпере алмағанын мойындады. Сондықтан бүлдіршіннің ағасы оған пластик пакетінен жейде жасап беріпті. "Мұртаза бір жыл бұрын қатарластарымен аулада футбол ойнай бастады. Бізде жарық жоқ, сондықтан күн энергиясын пайдаланып, кішкентай теледидарымызды қосамыз. Мұртаза Мессидің футболкасын кигісі келетіндіктен ол өзіне Аргентина құрамасының формасы түстес көк-ала пакет сатып алды. Сосын оның ағасы пакетке "10" және "Месси" деп жазып берді. Мұртазаның ойнауға добы да жоқ, сондықтан ол дос балаларынан алып, ойнап тұрады. Балам өз арманындағы тұлғамен кездескісі келеді. Бұл күн де туады деп сенеміз", − деді ер адам.  

Ауғанстанның Футбол федерациясындағылар Лионель Мессидің өкілдерінің олармен байланысқанын хабарлады. Қазіргі уақытта Мұртаза мен Мессидің кездесуін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Ауғанстанның Футбол федерациясының басшылығы Месси мен "Барселонада" кездесуге қатысты хабарлама алды",  деп мәлімдеді федерацияның баспасөз хатшысы Сайед Али Каземи EFE басылымына берген сұхбатында.

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: facebook
Қосылған күні: 02 ақпан 2016, 10:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.