Елбасы «Нұр Отан» сьезінде Головкинге алғыс білдірді (видео)

Елбасы «Нұр Отан» сьезінде Головкинге алғыс білдірді (видео)
Фото: vk.com

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Сьезд барысында Елбасы спортшыларға сөз арнады. Боксшы Геннадий Головкинді жеке тоқталып таныстыра кетті.

- Сен шаршы алаңға шыққанда бүкіл Қазақстан саған қолдау білдіреді. Біз сені мақтан тұтамыз. Қарсыластарыңның еш қиналмай жеңіп, елге орал, - деді Елбасы. Сьезде отырғандар Мемлекет басшысының бұл сөзіне қошемет білдірді. Өз кезегінде Геннадий да «міндетті түрде» деп жауап берді.

Сонымен қатар, Президент әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Илья Илинді Қазақстанның мақтанышы ретінде атап өтті. «Қазақтың барысы Бейбіттің (Ыстыбаев) жанында Әлия (Юсупова) да отыр. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те осында. Бәрін санамалай бермейін, олардың барлығы Қазақстанды насихаттауға өздерінің зор үлесін қосып жатыр. Біздің рухымыз биік. Міне, Қазақстанның рухын әлем алдында абыроймен арттырып жүрген осы спортшыларымыз. Біз экономика мен саясаттағы держава емес, спорттық да державамыз. Жастар осы біздің мақтаныштарымызға қарап үлгі алсын», — деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланды. Олардың қатарында Геннадий Головкин де бар.

Партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың арасында Қайрат Нұртас, Илья Ильин, Жанар Дұғалова, Серік Сәпиев те бар.

Ө. Сансызбай