«Астананың» үздік сұрмергені түркиялық клубқа ауысты

«Астананың» үздік сұрмергені түркиялық клубқа ауысты
Фото: vesti.kz

«Астана» футбол клубының экс-жартылай қорғаушысы Фокси Кетевоама Түркияның «Газиантеп ББ» клубының қатарына қосылды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

29 жастағы футболшы мен клуб 1,5 жылдық келісімшартқа қол қойған. Фокси түркиялық клубқа еркін агент ретінде ауысып барды. «Астана» ОАР елінің футболшысымен келісімшартты ұзартқан жоқ.

Айта кетейік, Фокси Кетевоама 2012 жылдан бері «Астана» клубында өнер көрсетіп келген болатын. Елордалық клуб сапында екі рет ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, қазақстандық клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына зор көмегін тигізді. Премьер-лигада 109 ойынға қатысып, 26 гол соққан, 42 нәтижелі пас берген. Ел кубогы жолында 13 ойынға қатысып, 5 гол, 5 нәтижелі пасымен көзге түскен. 2014 жылы ел премьер-лигасының ең үздік сұрмергені атанған болатын.

Ө. Сансызбай