Жанқош Тұраров уақытша чемпиондық белбеуге таласады

О Сансызбай Корреспондент
Жанқош Тұраров уақытша чемпиондық белбеуге таласады
Фото ©️ sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 29 қаңтар күні жартылай орта салмақта Солтүстік Америка (NBA) уақытша чемпиондық белбеуіне таласады. Отандасымыздың қарсыласы – бразилиялық боксшы Хоаким Карнейро.

БӨЛІСУ

Жанқош Тұраров пен Хоаким Карнейро арасындағы жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ,  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт — 63,5 кг) чемпионы.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров осыған дейін кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. 12 жекпе-жегінде қарсыласын мезгілінен бұрын жеңген.