«Реал» сатып алғысы келетін 3 футболшы

«Реал» сатып алғысы келетін 3 футболшы
Фото: vk.com

Мадридтік «Реал» алдағы қысқы ауысым кезінде (трансфер) қатарларына 3 ойыншыны қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Marca басылымы хабарлап отыр.

Испандық басылымының таратқан ақпараты бойынша «корольдік клуб» алдағы ауысым кезінде Аргентинаның «Бока Хуниорс» клубының жартылай қорғаушысы Родриго Бетанкурды, гельзенкирхендік «Шалькенің» жартылай қорғаушысы Лероя Санені және «Вольфсбург» клубының қорғашысы Рикардо Родригесті сатып алуға ниет танытып отыр.

Мадридтік клубтан жақын күндері ресейлік жартылай қорғаушы Денис Черышев пен қорғаушы Начо өзге клубқа ауысуы мүмкін.

Айта кетейік, жақында ғана мадридтік клубтар «Реал» мен «Атлетико» ФИФА ережесін бұзғаны үшін алдағы екі маусымда ойыншы сатып алу құқығынан айырылуы мүмкін.

Н. Үсенова