«Астана» «Галатасарайдың» орнына Еуропа лигасында ойнауы мүмкін

«Астана» «Галатасарайдың» орнына Еуропа лигасында ойнауы мүмкін
Фото: eurosport.ru

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының 1/16 финалында Түркияның «Галатасарай» клубының орнына ойнауы мүмкін. Бұл туралы түріктің Fotomac.com.tr сайтына сілтеме жасап vesti.kz хабарлап отыр.

«Галатасарай» Fair Play қаржылық ережесін сақтамағаны үшін жазаға ұшырауы мүмкін. Осыған дейін УЕФА «Галатасарайға» ескерту жасаған. Ал клуб болса өз олқылықтарының орнын толтырмай отырған көрінеді.

Егер УЕФА түркиялық клубты Еуропа лигасына қатысу мүмкіндігінен шектеп жатса, онда Италияның «Лацио» клубына елордалық «Астана» қарсылас атануы бек мүмкін. Не де болса әліптің артын бағайық. 

Ө. Сансызбай