«Астана» ойыншысы «Вольфсбург» клубына ауысуы мүмкін

«Астана» ойыншысы «Вольфсбург» клубына ауысуы мүмкін
Фото: vesti.kz

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси Германияның танымал «Вольфсбург» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы «Sky Sport Italia» сайтына сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Қазақстандық клубтың ганалық легионеріне клубтың бас жаттықтырушысы Аврам Грант ерекше назар аударып отыр екен. Қазіргі таңда қос тарап келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

Осыған дейін Патрик Твумасиге Түркияның «Бурсаспор» клубы да қызығушылық танытқан еді.

Айта кетейік, Патрик Твумаси «Астана» клубының Чемпиондар лигасындағы үздік сұрмергені (6 ойында – 4 гол) атанған болатын. Ел премьер-лигасында ганалық футболшы елордалық клуб сапында 28 ойынға қатысып, 6 гол соққан.

Ө. Сансызбай