Самат Смақов «Ақтөбеге» қайта оралды

Самат Смақов «Ақтөбеге» қайта оралды

Танымал футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» клубының қатарын толықтырмақ. Бұл туралы клубтың бас директоры Дмитрий Васильев фейсбук желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

- Біздің капитан Самат Смақовтың Ақтөбеден кеткенін Жаратушының өзі де қаламаған секілді. Келіссөздер жүргізіліп, футболшы «Ақтөбе» клубында ойнайтын болды. Қайта келіссөздердің жүргізілуіне қолайсыз ауа-райы да себеп болды. Клуб пен Самат арасындағы барлық сұрақтар өз шешімін тапты. Капитан клубпен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт бірінші оқу-жаттығу жиыны кезінде түзіледі. Ақтөбеліктерді Саматтың қайта оралуымен құттықтаймын! Ол клубты алға сүйрейтініне сенімдімін! Қайта оралуыңмен, Самат! – деп жазды Дмитрий Васильев.

Айта кетейік, осыған дейін клуб пен футболшы арасында келісімшарт жүзеге аспағаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?