Зидан «Реалдағы» қызметін ірі жеңіспен бастады (видео)

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Зидан «Реалдағы» қызметін ірі жеңіспен бастады (видео)
Фото ©️ vk.com

Мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстаған Зиннедин Зидан өзінің жетекшілігімен өткен алғашқы ойынды ірі жеңіспен бастады. «Сантьяго Бернабеуде» корольдік ұжым «Депортиво» клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

БӨЛІСУ

Ойында Карим Бензема дубль авторы атанса, Гарет Бэйл хет-трик жасады. Ал клубтың көшбасшысы Криштиану Роналду екі нәтижелі пасымен жанкүйерлерін қуантты.

Айта кетейік, ХІХ турда каталондық «Барселона» да ірі жеңісін тойлады. «Блауграна» өз алаңында «Гранаданы» 4:0 есебімен ұтты. Месси хет-трик авторы атанса, бір голды Неймар соқты.