«Шахтер» клубына жаңа жаттықтырушы келді

«Шахтер» клубына жаңа жаттықтырушы келді
Фото: vesti.kz

Қарағандының «Шахтер» футбол клубын словакиялық Йозэф Вукушич жаттықтыратын болды. 51 жастағы маманды бүгін клубтың атқарушы директоры Владимир Нидергаус таныстырды.

Йозэф Вукушич осыған дейін ОАР, Словакия, Ливия елдерінің клубтарында жаттықтырушылық қызмет атқарған. Сондай-ақ Словакия жастар құрамасында 6 жыл бас жаттықтырушы болған.

Айта кетейік, осыған дейін «кеншілерді» Виктор Кумыков қайта жаттықтыруы мүмкін деген ақпараттар пайда болған еді. Алайда қарағандылық ұжымды тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне алып шыққан ресейлік маман бұл қызметке оралған жоқ. 

Ө. Сансызбай