Головкин WBN нұсқасы бойынша үшінші мәрте "Жыл боксшысы" атанды

Головкин WBN нұсқасы бойынша үшінші мәрте "Жыл боксшысы" атанды
Фото: www.matritca.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WorldBoxingNews.net (WBN) нұсқасы бойынша үшінші мәрте "Жыл боксшысы" атанды, − деп хабарлайды Vesti.kz.

WBN сайтында жүргізілген сауалнамада Головкин 9300 дауыс жинады. Айта кетейік, сауалнамаға 9900 адам қатысты. Яғни, Головкин 94 пайыз дауысқа ие болды.

Головкиннен кейінгі орында небары 2 пайыз дауыс жинаған ұлыбританиялық Тайсон Фьюри тұр. Флойд Мейвезер, Сауль "Канело" Альварес, Роман Гонсалес пен Джеймс ДиГейл 1 пайыз дауыстан еншіледі.

Айта кетейік, 2015 жылы қазақстандық боксшы рингке үш рет шығып, барлығында жеңіске жетті. Оның қарсыластары Мартин Мюррей, Вилли Монро, сонымен қатар, Давид Лемье болды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін