Роналду ла-лигада алғаш рет пенальтиді тура бағыттай алмады (видео)

Роналду ла-лигада алғаш рет пенальтиді тура бағыттай алмады (видео)
Фото: vk.com

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду Испания ла-лигасында алғаш рет пенальтиді қақпаға тура тебуден мүлт кетті. Десе де бірінші тайм аяқталар тұста бас төреші «Реал Сосьедад» қақпасына екінші пенальти белгілеп, бұл жолы португалдық шабуылшы мергендігімен көзге түсті.

«Сантьяго Бернабеудегі» ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Криштиану Роналду дубль авторы атанса, бір голды Лукас өз еншісіне жазды. Ал қонақтар еншісіндегі бір голды Брума соқты.

Испания ла-лигасының ХVII тур ойындарының қорытындысы бойынша «Реал» 36 ұпай жинады. 

Ө. Сансызбай