Рохер Каньяс «Астанамен» келісімшартын ұзартты

Рохер Каньяс «Астанамен» келісімшартын ұзартты
Фото: vesti.kz

Футболдан «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс командамен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы kazfootball.kz cайты хабарлап отыр.

Рохер Каньястың агенттер ресейлік клубтармен келіссөздер жүргізгенмен, футболшы мансабын Қазақстанда жалғастыра беруді жөн санапты. 25 жастағы жартылай қорғаушы екі жыл бұрын донецкілік «Металлург» клубына ауысып, медициналық сараптама қорытындысы бойынша командаға қабылданбаған болатын. Себебі, футболшы денсаулығына байланысты бір бүйрегін алдырып тастаған.

Рохер Каньяс тәуекелге бармай, «Астана» ұсынған келісімшартты қабылдады. Оған польшалық клуб та қызығушылық танытқан еді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Рохер Каньяс қарағандылық «Шахтермен» Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаса, биыл «Астана» сапында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. 

Ө. Сансызбай