2015 жылғы ел премьер-лигасының үздік футболшылары анықталды

2015 жылғы ел премьер-лигасының үздік футболшылары анықталды
Фото: massaget.kz

Футболдан 2015 жылғы ел премьер-лигасының үздік футболшылары анықталды. Қазақстан кәсіби футбол лигасының сауалнамасы бойынша жылдың үздік 22 футболшысы таңдалған.

Сауалнама командалардың бас жаттықтырушылары арасында жүргізілген. Нәтижесінде үздіктер қатарына «Астанадан» - 8, «Қайраттан»  - 7, «Ақтөбеден»  3 футболшы енген. «Ордабасы» мен «Ертіс» клубтарынан 2 ойыншыдан бар.

2015 жылғы маусымның 22 үздік футболшыcы:


Қақпашылар:

Стас Покатилов («Ақтөбе»),
Ненад Эрич («Астана»),

Сол қапталдағы қорғаушылар:

Дмитрий Шомко («Астана»),
Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»),

Оң қапталдағы қорғаушылар:

Ермек Қуантаев («Кайрат»),
Абзал Бейсебеков («Астана»),

Орталық қорғаушылар:

Марин Аничич («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»),
Жарко Маркович («Қайрат»), Евгений Постников («Астана»),

Орталық жартылай қорғаушылар:

Рохер Каньяс («Астана»),
Михаил Бакаев («Қайрат»),

Оң қапталдағы жартылай қорғаушылар:

Бауржан Джолчиев («Астана»),
Карлос Фонсека («Ертіс»),

Сол қапталдағы жартылай қорғаушылар:

Исаэль («Қайрат»),
Азат Нұрғалиев («Ордабасы»),

Шабуылға жақын жартылай қорғаушылар:

Бауыржан Исламхан («Қайрат»),
Маркос Пиззелли («Ақтөбе»),

Шабуылшылар:

Жерар Гоу («Қайрат»), Таңат Нөсербаев («Астана»),
Константин Дудченко («Ертіс»), Джордже Деспотович (««Қайрат»/«Жетісу»).

Ө. Сансызбай