Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандық кәсіпқой боксшы 22 қаңтар күні шаршы алаңға шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 22 қаңтар күні шаршы алаңға шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 22 қаңтар күні шаршы алаңға шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов спорттық мансабындағы оныншы жекпе-жегін АҚШ-тың Аризона штатына қарасты Тусон қаласында өткізеді. 2016 жылдың 22 қаңтарында өтетін жекпе-жекте отандасымыз жергілікті боксшы Джаред Робинсонмен жұдырық түйістіреді.

29 жастағы қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні өткізіп, вирджиниялық Антонио Чавес Фернандесті бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осыған дейін өткізген тоғыз жекпе-жегінде де Бахтияр Эюбов мезгілінен бұрын жеңіске жетіп келеді.

Бахтияр Эюбов пен Джаред Робинсон арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. 33 жастағы америкалық боксшы осыған дейін 16 кездесу өткізіп, 13-де жеңіске жеткен. 2 рет жеңіліс тапса, 1 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. Сондай-ақ орта салмақта « United States Boxing Organisation» чемпиондық белбеуіне ие.

Қазақстандық боксшы жекпе-жек алдындағы ойымен бөлісіп, қарсыласы туралы да айта кетті.

- Мен кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Мықты боксшылармен көптеп спарринг ұйымдастырудамын. Джаред Робинсон – осал боксшы емес, мықты қарсылас. 16 жекпе-жегінің 2-де ғана жеңілген. Көптен бері осындай боксшымен жұдырықтасуды күтіп жүргенмін.

Менің жоспарым - жылдам жеңіске жету. Бұрынғыдай қарсыласты шыққан бойда соққының астына алып, оңай жеңіп шығамын. Мен оны ақылды түрде мезгілінен бұрын жер жастандырамын, - деді Бахтияр Эюбов.

Бұл жекпе-жекті танымал «Show Time» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.  

Айта кетейік, Бахтияр Эюбовтың есімі қазақстандық көп жанкүйерлер үшін аса таныс емес. Ақтөбе қаласында дүниеге келген боксшы осыған дейін Әзірбайжан елінің атынан әлемдік аренада бақ сынайды деген де ақпараттар тараған еді. Кейіннен қос тарап өзара келісімшарт ымырасына келе алмаған. Бүгінде Бахтияр кәсіпқой бокста Қазақстанның туының астында өнер көрсетіп келеді. Биыл америкалық “Salita promoution” промоутерлік клубы қазақстандық боксшымен келісімшартқа қол қойды. Нәтижесінде боксшы алдағы уақытта ірі жетістіктерді бағындыруды жоспарлап отыр.  

Фото: vk.com
Қосылған күні: 23 желтоқсан 2015, 21:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.