«Астана» маусымдағы алғашқы ойыншыны қатарларына қосты

«Астана» маусымдағы алғашқы ойыншыны қатарларына қосты
Фото: vesti.kz

Елордалық «Астана» футбол клубы жас жартылай қорғаушы Геворг Наджарянмен толықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Футболшының осыған дейін клубтың оқу-жаттығу жиындарына қатысқаны туралы хабарланған болатын. Клубтың бүгін жариялаған ресми ақпараты бойынша, Геворг Наджарян мен «Астана» клубы екіжылдық келісімшартқа қол қойған.

Геворг Наджарян 1998 жылы Армения астанасы Ереванда дүниеге келген. 7 жасынан бастап футболмен айналысып келеді. Қарағанды футбол мектебінің түлегі. 2015 жылы «Шахтер» сапында алғаш рет алаңға шығып, «Ордабасыға» қарсы ойын өткізді. Негізгі құрамға ілікпеген ойыншы «кеншілер» сапында 8 ойынға қатысып, 1 гол ғана соқты. Жазда екіжақты келісім бойынша келісімшартты жарамсыз деп таныды. Кейіннен Геворг Наджарян ресейлік «ЦСКА» мен бундеслига клубтары сапында ойын шеберлігін шыңдады. Сондай-ақ, 17 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының сапында екі ойын өткізген.

Айта кетейік, «Астана» клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 10 қаңтар күні Дубайда бастайды.  

Ө. Сансызбай