«Астана» үздік қақпашысын қатарларында алып қалады

«Астана» үздік қақпашысын қатарларында алып қалады
Фото: vesti.kz

«Астана» футбол клубы қақпашы Ненад Эричпен келісімшартын ұзартады. Маусымды сәтті өткізген ойыншыны клуб басшылығы қатарларында алып қалуды шешкен. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

33 жастағы серб қақпашысы осы маусым аяқталғаннан кейін өзге клубқа ауысады деген ақпар тараған болатын. Кеше «Галатасараймен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығы Ненад Эричке жаңа келісімшарт ұсынатынын хабарлаған. Осыған дейін «Астана» клубы Александр Мокинді қатарларына қосатыны туралы да айтылған еді. Ал Ненад Эрич болса Қостанайдың «Тобыл» клубына ауысуы мүмкін  деген-ді.

Айта кетейік, Ненад Эрич елордалық клубтың сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Команда сапында 124 ойынға қатысқан. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында 10 ойында, Еуропа лигасында 9 ойында клуб қақпасын қорғаған. 

Ө. Сансызбай