Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы аяқталды

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы аяқталды
Фото: wfrk

4-8 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы аяқталды. Бес күнге созылған жарыста Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 13 команда, 162 зілтеміршілер арасында кіл мықтылар анықталды.

Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,  ҚР және облыстық ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жылдағы дәстүр бойынша 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған  спортшыға 150 мың теңгенің сертификаты мен төрт дүркін Әлем, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде Максим Лактионов (Қарағанды облысы) Кубок пен сертификаттың иегері атанды.

Кубок қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ерлер командасы 188  ұпаймен топ жарды. Алматы қаласының командасы  186 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, 161 ұпаймен Шығыс Қазақстан  облысы үшінші орынды еншіледі. Ал әйелдер арасында Алматы қаласы (173 ұпай) жеңімпаз атанса, қалған орындарды Қызылорда облысы (152 ұпай) мен Алматы облысының командалары (143 ұпай) иеленді.

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:

48 келі әйелдер:

I орын Диана Серебрякова (Ақмола обл) – 142 (60+82)

II орын  Юлия Потасова (Алматы обл.) – 133 (57+76)

III орын Елизавета Белоусова (ШҚО) – 112 (47+65)

53 келі әйелдер:

I орын Әсел Амангелді (Алматы қ.) – 160 (70+90)

II орын Махаббат Серікболқызы  (Алматы обл.) – 155 (70+85)

III орын Айсамал Сансызбаева  (Қызылорда обл.) – 141 (66+75)

56 келі ерлер:

I орын  Тимур Хасаров (Алматы обл.) – 225 (105+125)

II орын Ерасыл  Ергенбай  (Қызылорда обл.) – 205 (92+113)

III орын  Рахымжан  Жұбатқанов (Қызылорда обл.) – 203 (90+113)

58 келі әйелдер: 

I орын Сәуле Садуақасова (Қостанай обл.) - 197 (87+110)

II орын Лидия Ануфриева (ШҚО) - 155 (70+85)

III орын Гүлдана Жүніс (Алматы қ.) - 140 (60+80)

62 келі ерлер: 

I орын Владимир Абрамов (Қарағанды обл.) - 254 (117+137)

II орын  Айдос Тұрсынбай (Қызылорда обл.) - 237 (106+131)

III орын  Гасым Ковалев (Алматы қ.) - 233 (102+131)

63 келі әйелдер:

I орын  Гүлназ Наурызова (Алматы қ.) - 195 (90+105)

II орын  Анастасия Бурова (Атырау обл.) - 187 (87+100)

III орын  Кристина Крахалева (Алматы обл.) - 175 (80+95)

69 келі әйелдер:

I орын  Алтынай Дамен (Алматы обл.) - 236 (106+130) 

II орын  Майра Файзуллаева (ОҚО) -196 (86+110)

III орын  Святослава Павлюк (Қостанай обл. ) - 165 (75+90)

69 келі ерлер:

I орын  Михаил Дроздов (Алматы обл.) - 277 (131+146) 

II орын  Серікбол Аманжол (Қызылорда обл. ) - 268 (123+145)

III орын  Арыстанбек  Жақанша (Қызылорда обл. ) - 268 (117+151)

75 келі әйелдер:

I орын  Раушан Мешітханова (Алматы қ. ) - 210 (100+110)

II орын  Валерия Дежнина (Қостанай обл. ) - 200 (90+110)

III орын  Нұрай Касеналы (Алматы қ. ) - 141 (65+76)

+75 келі әйелдер:

I орын  Юлия Жуковская (Ақмола обл.) - 242 (102+140)

II орын  Айзада Муптильда (Алматы қ.) - 242 (106+136)

III орын  Гулназ Шамиева (Қызылорда обл. ) - 180 (84+96)

77 келі ерлер: 

I орын  Батыр Асраров (ОҚО) - 316 (136+180)

II орын  Ринат Баударбеков (Алматы қ.) - 305 (135+170)

III орын  Артем Антропов (Қарағанды обл.) - 281 (120+161)

85 келі ерлер: 

I орын  Евгений Евстафьев (Қарағанды обл.) - 345 (155+190)

II орын  Нұрлыбек Саменов (ОҚО) - 337 (152+185)

III орын  Владимир Кузнецов (ШҚО) - 333 (150+183)

94 келі ерлер: 

I орын  Шыңғыс Сағындықов (Алматы қ.) - 345 (150+195)

II орын  Ринат Калиекберов  (ШҚО) - 333 (151+182)

III орын  Святослав Радченко (Қарағанды обл.) - 302 (136+166)

105 келі ерлер: 

I орын  Максим Лактионов (Қарағанды обл.) - 370 (170+200)

II орын  Абылай Жұмабек  (Алматы қ.) - 336 (145+191)

III орын  Иван Голушко (ШҚО) - 325(145+180)

+105 келі ерлер: 

I орын  Ердос Сайлау (Алматы қ.) - 335 (150+185)

II орын  Евгений Пя  (Қызылорда обл.) - 305 (145+160)

III орын  Рашид Әскеров (Ақмола обл.) – 291 (130+161)

Ө. Сансызбай