«Реал» Левандовскийді қатарларына қоспақ

«Реал» Левандовскийді қатарларына қоспақ
Фото: eurosport.ru

Мадридтің «Реал» футбол клубы алдағы қысқы ауысым кезінде поляк Роберт Левандовскийді қатарларына қоспақ. Бұл туралы Испанияның AS басылымы хабарлап отыр.

Испан басылымы таратқан ақпарат бойынша, «корольдік клуб» басшылығы футболшының агентімен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Егер екі тарап келісімге келіп жатса, Роберт Левандовский алдағы қысқы ауысымда «Реал» шабуылшысы атанып қалуы мүмкін. Футболшының агенті мен клуб президенті Флорентино Перес XIV турдағы «Реал» мен «Хетафе» арасындағы ойында бірге тамашалаған.

Айта кетейік, Роберт Левандовский мен мюнхендік «Бавария» арасындағы келісімшарт уақыты 2019 жылға дейін жарамды.

Ө. Сансызбай