Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін Джейкобс қарсыласын 25 секундта жеңді (видео)

Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін Джейкобс қарсыласын 25 секундта жеңді (видео)
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетін боксшылар Даниэл Джейкобс пен Питер Куиллин өзара жекпе-жек өткізді. Бруклинде өткен жұдырықтасуда Джейкобс қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шықты.

Орта салмақтағы америкалық боксшылардың жекпе-жегі 25 секундқа ғана созылды. Қарсыласын бірден соққының астына алған Даниэл Джейкобс WBA (Regular) нұсқасындағы чемпиондық атағын қорғап қалды. Осыған дейін екі боксшы да Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға емеурін танытқан болатын.

Айта кетейік, Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин келесі кездесуін Мигель Коттоны жеңген Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін. Екі боксшы арасындағы жұдырықтасу – 2016 жылдың басты жекпе-жектерінің бірі болатын даусыз саналып отыр.

Ө. Сансызбай