УЕФА

УЕФА "Астана" – "Бенфика" матчында автокөлік ойнатуға рұқсат бермеді

УЕФА "Астана" – "Бенфика" матчында автокөлік пен өзге сыйлықтарды ойнатуға рұқсат бермеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" ПКСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, "Астана" мен "Бенфика" футбол клубтарының арасында өтетін матчта құнды заттарды ойнатудан бас тартатынымызды хабарлаймыз, себебі УЕФА өкілдері бұл акцияны өткізуге рұқсат берген жоқ", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" – "Бенфика" матчында көрермендердің біріне автокөліктің бұйыруы мүмкін екені хабарланды. Сонымен қатар, 25 қарашада "Галатасарай" – "Астана" матчына жолдама және өзге де сыйлықтарды ойнату жоспарланды.

Алайда матчтың ұйымдастырушылары жанкүйерлерге өзге бір акцияны ұсынды – матчқа екі билет сатып алған адамға үшіншісі сыйлыққа беріледі.

"Астананың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңындағы соңғы ойыны 25 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Ғарыш температурасы қандай?
Ғарыш температурасы қандай?
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні