Альварестің Головкинмен жекпе-жегі әзірге болмайды – Де Ла Хойя
Фото: tn.kz

Альварестің Головкинмен жекпе-жегі әзірге болмайды – Де Ла Хойя

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің кездесуі әзірге болмады деп есептейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Де Ла Хойяның айтуынша, Альварес орташа салмақтың боксшысы емес. "Ол Коттомен 155 фунтта жұдырықтасады. Коттоның шарты сондай болды. "Канело" 155 фунтты оңай бағындыра алады. Сондықтан ол 160 фунтта жекпе-жектерге дайын болғанда біз осы салмақтағы ең үздік боксшылармен жұдырықтасамыз. Біз "Канело" және Котто жекпе-жегінде не болатынын әзірге білмейміз. Матч-реванштың болуы мүмкін бе? Кім біледі? "Канело" үздіктермен жұдырықтаса ма? Жұдырықтасады! Ол Головкинмен кездесе ме? Сөзсіз", – деді промоутерлік компанияның басшысы.

Айта кетейік, Котто мен Альварес 21 қарашада Лас-Вегаста кездеседі. Онда орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы тігіледі. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы Головкинмен жұдырықтасуы міндетті.

М. Бисембаева