Қазақстандық теннисші Египеттегі ITF турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Египеттегі ITF турнирінде топ жарды
Фото: vk.com

Қазақстандық теннисші Кәмила Керімбаева Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында өткен ITF санатындағы «Jolie Ville Golf F44 Women’s» турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

20 жастағы қазақстандық теннисші финалда Черногория елінің спортшысы Ана Веселиновичті жеңді. Бірінші сетте қарсыласына 3:6 жеңілсе, кейінгі екі сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрайтын турнирде жеңімпаз атанып, 2013 жылғы жетістігін қайталады.

Кәмила Керімбаева Алматы өңірінде дүниеге келген. Үлкен тенниспен жеті жасынан бастап айналысып келеді. 2013 жылы кәсіби теннисші дәрежесіне ие болды. Қазіргі таңда WTA рейтингінде 482-ші орында келеді. 

Н. Үсенова