Астанада өткен дзюдодан әлем біріншілігін 193 миллион адам тамашалаған

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Астанада өткен дзюдодан әлем біріншілігін 193 миллион адам тамашалаған
Фото ©️ tn.kz

Еліміздің Дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерден ресми хат алды. Онда биыл Астана қаласында өткен әлем біріншілігін теледидар арқылы тамашалаған көрермендер саны рекордтық көрсеткішке жеткені айтылған. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Қазақстан Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

БӨЛІСУ

Мәселен, өткен жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткізілген әлем чемпионатын тамашалаған көрермендер саны 110 миллион болса, елордадағы біріншілікті теледидар арқылы 193 миллион адам тамашалаған. 

Сондай-ақ, хатта біріншілікке байланысты 1000 сағат тікелей эфир мен жаңалықтар жасалып, біріншілік туралы телеарналардан  3 миллиард материал көрсетілгені айтылған. Бұл көрсеткіш Челябинск қаласында өткен спорт шарасындағы көрсеткіштен 147%-ға көп екен.