Қанат Ислам келесі жекпе-жегін кіммен өткізеді?

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін кіммен өткізеді?

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін өз салмағындағы ТОП-20 рейтингіне кіретін спортшымен өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Таяу уақытта қарсыластың аты-жөні анықталады. Boxrec.com сайтының мәліметінше, бірінші орта салмақтағы ТОП-20 тізімі мынадай: 

1. Сауль "Канело" Альварес (Мексика, 45-1-1);
2. Эрисланди Лара (Куба, 21-2-2);
3. Деметриус Андраде (АҚШ, 22-0-0);
4. Джермайлл Чарло (АҚШ, 22-0-0);
5. Джермейлл Чарло (АҚШ, 27-0-0);
6. Ванес Мартиросян (АҚШ, 36-2-1);
7. Карлос Молина (Мексика, 23-6-2);
8. Мишель Соро (Франция, 27-1-1);
9. Корнелиус Бандрадже (АҚШ, 34-6-0);
10. Уилли Нельсон (АҚШ, 24-2-1);
11. Чарли Хэйтли (АҚШ, 26-1-1);
12. Джеймс Киркланд (АҚШ, 32-2-0);
13. Джулиан Уильямс (АҚШ, 21-0-1);
14. Ише Смит (АҚШ, 27-8-0);
15. Остин Траут (АҚШ, 30-2-0);
16. Брайн Роуз (Ұлыбритания, 27-3-1);
17. Рамон Альварез (Мексика, 22-4-2);
18. Лиам Смит (Ұлыбритания, 21-0-1);
19. Джек Кульчай (Германия, 20-1-0);
20. Ян Завек (Словения, 35-3-0).

Айта кетейік, бұл тізімдегі бірнеше боксшы таяу уақытта жұдырықтасатындындықтан, Қанат Исламның қарсыласы бола алмайды. Мәселен, рейтинг көшбасшысы Альварес орта салмақтағы WBC бойынша әлем чемпионы титулын пуэрторикалық Мигель Коттомен сарапқа салады, ал екінші номердегі Эрисланди Лара бірінші орта салмақтағы WBA және IBO титулы үшін Ян Завекпен таласады. Келесі жұптар былай: 

Джермайлл Чарло - Уилли Каэмпфорт (IBF титулы);
Брайн Роуз - қарсыласы белгісіз;
Лиам Смит - "Джимми" Килрэйн Келли (WBO титулы);
Джек Кульчай - Деннис Хоган.

Барлық жекпе-жектер қараша-желтоқсан айларында өтеді.

Еске салайық, 31 жастағы Қанат Ислам Флойд Мейвезердің менеджері Эл Хэймонмен келісімшарт жасасты. Сонымен қатар, Қанат Исламның келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін екендігі хабарланды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?