Қанат Ислам кіші Мейвезердің менеджерімен келісімшартқа қол қойды

Қанат Ислам кіші Мейвезердің менеджерімен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам танымал боксшы Флойд Мейвезердің (кішісі) менеджері Эл Хеймонмен келісімшартқа қол қойды. Кәсіпқой бокстағы ықпалды тұлға алдағы уақытта отандасымыздың өткізетін жекпе-жектерін ұйымдастыратын болады.

Эл Хеймон 2014 жылғы "Yahoo" нұсқасы бойынша бокстағы ең ықпалды 10 тұлғаның көшін бастаған болатын. АҚШ-тағы нөмірі бірінші менеджерлердің бірі, кәсіпқой бокстағы ең беделді «Showtime» телеарнасының иесі. Ол әлемнің мықты деген боксшыларымен жұмыс жасап, менеджері болып жүр. Атап айтар болсақ, олардың ішінде кіші Флойд Мейвезер, Амир Хан, Питер Куиллин сынды үздіктер бар. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов те Эл Хэймонмен бірге жұмыс жасап келеді.

Бұған дейін Эла Хэймон Олимпиада жеңімпазы, кәсіпқой бокста балқаштық барыс атанған Василий Жировпен, орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша жеңімпаз атанған Бейбіт Шүменовпен бірге жұмыс жасаған.

Қанат Ислам «Нельсон» промоутерлік компаниясымен жұмысын жалғастыра береді. Эл Хэймон боксшының келесі жекпе-жектерін ұйымдастыруға атсалысатын болады. Отандасымыз Жаңа жылға дейін тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова