Головкинді Уордпен кездесуге мәжбүрлеу керек – кіші Мейвезер

Головкинді Уордпен кездесуге мәжбүрлеу керек – кіші Мейвезер
Фото: tn.kz

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер Головкиннің алдағы жетістігі Андре Уордпен жұдырықтасуға келіскенін-келіспегеніне байланысты деп есептейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тек жұдырықтасу ештеңе шешпейді. PPV жұлдызы болу басқа дүние. Бұл жай ғана төбелесуден де үлкен жұмыс. Мен мүмкіндіктерді пайдалана білдім. Қазір мен Головкин Уордпен кездесе ме, жоқ па – соны білгім келеді", – деді Мейвезер.

"Менің Мэнни Пакьяомен кездескенімді барлығы қалады. Мені қорқақ деді. Дегенмен біз келісіп, кездесуді өткізе алдық. Головкинді де Уордпен кездесуге мәжбүрлеу керек", – деді ол.

М. Бисембаева