"Астана" Стойловқа жылына миллион доллар төлейді - БАҚ

"Астана" Стойловқа жылына миллион доллар төлейді - БАҚ
Фото: info-tses

Болгар  БАҚ-тарының мәліметінше, қазақстандық "Астана" футбол клубы бас бапкер Станимир Стойловпен келісімшарт мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, клубтың демеушілері басшылықтың алдына болгар маманын қалдыру міндетін қойды.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, Стойловтың жалақысын көтеру жоспарланған. Ол бұрынғыдай жылына 700 000 доллар емес, миллион доллар алмақ. Айта кетейік, Стойловтың "Астанамен" жасасқан келісімшартының мерзімі осы маусымда аяқталады. Ол бұған дейін екі бірдей жақсы ұсыныс алды, ұсынысты Қытай және Катар клубтары жасады. Мысалы, қытай клубы Стойловқа екі жылға келісімшартқа отыруды және жылына 5 миллион доллар жалақы ұсынды.

Еске сала кетейік, 48 жастағы Станимир Стойлов 2014 жылдың жазынан бастап "Астана" клубын басқарып келеді. Оның басшылық етуімен бұл команда Қазақстан чемпионы атанды, Суперкубокті жеңді және Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне өтті. 

Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін