Қазақстандық мерген қыздар алтыннан алқа тақты

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Қазақстандық мерген қыздар алтыннан алқа тақты
Фото ©️ 24.kz

1-12 қараша аралығында Кувейттің Эль-Кувейт қаласында оқ және стенд атудан ХІІІ Азия чемпионаты өтіп жатыр.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы сапында Жанель Серікбаева, Виолета Старостина, Елизавета Король ел намысын қорғады. Әйелдер винтовкасы бойынша «МВ-9» жаттығуындағы 50 метр қашықтықта 60 оқты жатып атуда Жанель Серікбаева 621,1 ұпаймен жеке есепте Тайланд және Малайзия қыздарын артқа тастап алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ қыздарымыз осы жаттығуда командалық есепте 1856,4 ұпаймен спортшыларымыз Тайланд және Қытайдың құрама командаларын басып озып алтын медальді олжалады.

Дереккөз: 24.kz