"Атлетико" Астанадағы жаттығуының видеосын жариялады

Мақпал Бисембаева Корреспондент
"Атлетико" Астанадағы жаттығуының видеосын жариялады
Фото ©️ tn.kz

Испаниялық "Атлетико" Чемпиондар лигасының матчы алдындағы дайындықтарының видеосын видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Кадрдан ойыншылардың суыққа қарамастан тамаша көңіл күймен жаттығып жүргендерін көруге болады. Ал "Астана" ойыншыларының өз алаңында қарсыластарына қалай жауап қайтаратыны бүгін, 3 қараша күні кешке белгілі болады. Матч "Астана Арена" стадионында сағат 21.00-де басталады. Ойынды "Таң" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында "Атлетико" командасынан 4:0 есебімен жеңілді.