Егер жекпе-жек қазір өтсе GGG Уордты талқандайды – Гарсия

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Егер жекпе-жек қазір өтсе GGG Уордты талқандайды – Гарсия
Фото ©️ tn.kz

Америкалық танымал бапкер Роберт Гарсия боксшылар Андре Уорд пен Геннадий Головкин рингке шықса соңғысына бәс тігетінін мәлімдеді, алайда ол бұған дейін  Головкин жеңе алмайды деп ойлап келгенін айтып отыр, – деп жазады Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

"Соңғы бірнеше жекпе-жегінен кейін GGG Уордты талқандайды деген ойға келдім! Бұған дейін мен Уордты таңдар едім, бірақ ол соңғы жылдары белсенді болмады, аз төбелесті. Ол таяуда рингке оралды, бірақ, меніңше, ол өз қалпына келуі үшін үш-төрт жекпе-жек өткізуі керек. Сондықтан егер жекпе-жек қазір өтсе GGG Уордты талқандайды! Бірақ бұл кездесу болады деп ойламаймын. Уорд 175 фунтта кездесу өткізуді жоспарлап отыр, ал Головкин 160-тағы титулдарды біріктіргісі келеді... Сондықтан біз бұл жекпе-жекті тіпті де көрмеуіміз мүмкін!", - деп мәлімдеді Роберт Гарсия.