Дзюдодан әлем чемпионы М.Шәмшәдинді елордалықтар күтіп алды

Дзюдодан әлем чемпионы М.Шәмшәдинді елордалықтар күтіп алды
Фото: 24.kz

Әбу-Даби татамиінде атой салған Мағжан Шәмшәдин Астанаға олжалы оралды.

Дзюдодан жастар арасында әлем чемпионы атанған «алтын ұлды» елордалық жанкүйерлер мен спорт мамандары әуежайда зор құрметпен қарсы алды. Еске сала кетейік, кеше Біріккен Араб Әмірлігінде дзюдодан әлем біріншілігі аяқталып, 100 келіге дейінгі салмақта Никита Азаров қола медальді қоржынға салса, 55 келідегі Мағжан Шәмшәдин алтын медальді жеңіп алды. Командалық есепте еліміздің құрамасы алтыншы сатыға табан тіреді.

Мағжан Шәмшадин, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионы:
- Осыдан бес жыл бұрын Елдос Сметов жастар арасында чемпион атанған болатын. Ағама еліктеп мен де чемпион болып жатырмын. Өте қуаныштымын.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы